Алматылықтар ақылы автотұрақтарға кешкі және түнгі уақытта көліктерін тегін қоя алады

Алматыда автотұрақтар көбейеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 19:00 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 18 мыңнан астам автотұрақ орны бар, жыл соңына дейін олардың саны шамамен 30 мыңға жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта Алмалы, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы жүктемесі жоғары көшелер бойында тротуарлық үлгідегі жаңа автотұрақ аймақтары пайда болады.

Төлем уақыты тек 08:00-19:00 аралығында қолданылады. Бұл тұрғындарға кешкі және түнгі уақытта көліктерін тегін қоюға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың мүддесіне ерекше назар аударылады:

  • жеңілдетілген тарифпен резиденттік абонементтер енгізіледі;
  • мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы орындар қарастырылады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: