Тоқаев Испания короліне жеделхат жолдады

Тоқаев Испания короліне жеделхат жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2025 09:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың түрлі салада нығайып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: