"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолында 66 келі марихуана тәркіленді

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолында 66 келі марихуана тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 17:20 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында полицейлер 66 келі марихуана тасымалдау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қарасора-2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және патрульдік полиция қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 583-шақырымында Audi 100 автокөлігін тоқтатты. Көлікте көрші облыстардың екі тұрғыны – жүргізуші мен жолаушы болған.

"Қызметтік ит Баронның көмегімен көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан 3 қап, ал жүк салғыштан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 9 қап табылды. Сараптама нәтижесінде алынған заттың жалпы салмағы 66 келі болатын кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды", - деп хабарлады полиция.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіні полиция және облыстық прокуратураның бірлесуімен қолға түсірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: