Бала құқықтарын қорғау комитеті оқушы қыздың босануына қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті 14 жастағы оқушы қыздың босану оқиғасына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта оқушы мен нәрестенің жағдайы тұрақты.
"Қыз балаға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмағанның мүддесін қорғау мақсатында жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында", - делінген комитет хабарламасында.
Бұған дейін Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы 9-сынып оқушысы бала туғанын хабарлағанбыз. Бұл іске қыздың әжесінің күйеуінің қатысы бар деген күдік бар. Ол қызбен туыстық қатынаста емес.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті адам анықталып, қамауға алынған. Тергеудің барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript