Мәжілісте Жұлдыз Сүлейменованың орнына кім депутат болатыны белгілі болды

Мәжілісте Жұлдыз Сүлейменованың орнына кім депутат болатыны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 22:58 Сурет: Amanat партиясы
Қазақстан Парламенті Мәжілісінде Amanat партиясынан жаңа депутат мандат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын Жұлдыз Сүлейменоваға тиесілі болған бос депутаттық мандат Әбутәліп Мүтәліге берілді. Партияның Саяси кеңесі бюросының тиісті қаулысы Орталық сайлау комиссиясына жолданған.

Партия мәліметінше, Әбутәліп Мүтәлі — Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі және "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының маманы ретінде танымал.

Сондай-ақ партия өкілдері Мүтәлидің тағайындалуы Amanat партиясының жас кәсіби мамандарды қолдау және елдегі цифрлық трансформацияны дамыту бағытын айқындайтынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: