Тасмағамбетовтың орнына ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысы кім болатыны анықталды
Сурет: ҰШҚҰ
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың брифингте айтуынша, Иманғали Тасмағамбетовтың орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков келеді.
"(27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына. – Ред.) ҰҚШҰ-ның бас хатшысы, Қазақстан өкілі Тасмағамбетов, әрине, қатысады. Ол 1 қаңтардан бастап бұл қызметтен кетеді. Оның орнына хатшылықты Қырғызстан өкілі, қазіргі уақытта ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары болып табылатын мырза Масадыков басқаратыны анықталды", – деп ТАСС Ушаковтың сөзін келтіреді.
Жоспар бойынша, Иманғали Тасмағамбетов саммитте "Халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері және ҰҚШҰ-ның сессияаралық кезеңдегі негізгі жұмыстары жөнінде" баяндама жасайды.
Ушаковтың айтуынша, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін саммитте "қызметінен кетіп жатқан ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетовты ҰҚШҰ-ның бірінші дәрежелі Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтеді, бұл үшін тиісті шешім қабылданған".
Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылғы 1 қаңтардан бері ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметін атқарып келеді.
Айта кетейік, Бішкектегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы жоспарланған.