Тасмағамбетов пен Қошанов ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҰҚШҰ Telegram-каналы хабарлады.
"2024 жылғы 6 наурызда Астанада ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов арасында кездесу өтіп, әңгімелесушілер ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге және ҰҚШҰ форматындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге байланысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты", - делінген хабарламада.
Қазақстанның осы ұйымға төрағалығы аясындағы Парламенттік ассамблеяның осы жылға жоспарланған іс-шараларына көп көңіл бөлінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript