Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізіледі
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың жағымсыз салдарын азайту шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов азаматтардың мүддесін ескере отырып, экономикалық реформаларды іске асыру барысын реттеу жөніндегі Президент тапсырмасының орындалуына қатысты Үкімет мүшелерімен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізді.
"2025 жылғы 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізіледі. Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету және бағаны бақылау шараларын қабылдауды тапсырды", - делінген бейсенбі күні UKIMET Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды тағы алты айға ұзартылатынын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript