Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды тағы алты айға ұзартпақ

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды тағы алты айға ұзартпақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 17:15 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдау мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу көзделген.

Тыйымның мақсаты – 2025 жылғы 14 қарашадан бастап республика ішкі нарығын сұйытылған газбен тұрақты қамтамасыз ету.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұған дейін сұйытылған газды сыртқа шығаруға тыйымды ұзарту туралы шешім Сыртқы сауда жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мақұлданған еді.

Еске салайық, 2025 жылғы мамырда Қазақстан ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты айлық тыйым енгізген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: