Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартты

АО НК КазМунайГаз, национальная нефтегазовая компания, нефтегазовая отрасль , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 15:13 Фото: kmg.kz
Энергетика министрлігі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", — делінген құжатта.

Кейбір жағдайларда ғана ерекшеліктер болады:

  • өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, тұрақты салық режимі бар жер қойнауын пайдаланушылардың экспорты;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (өңделген) тауарлардың экспорты;
  • республикадан тыс жерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдар.

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді деп жоспарлануда.

Құжат 23 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бұған дейін газды экспорттауға тыйым салу Энергетика министрлігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрығымен енгізілген болатын. Оның мерзімі 2024 жылдың қарашасында аяқталады, сондықтан ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін экспортқа тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту жоспарлануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: