Путин мен Трамп Будапештте кездесуге келісті

Путин мен Трамп Будапештте кездесуге келісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 23:23 Сурет: Zakon.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қазанда Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ басшысының айтуынша, Путин Америка Құрама Штаттарын "Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қамтамасыз етудегі ұлы жетістігімен" құттықтаған.

Тараптар Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатудың мүмкін жолдарын талқылаған.

Сондай-ақ, соғыс аяқталғаннан кейінгі Ресей мен АҚШ арасындағы сауда қатынастарының келешегі сөз болған.

Келесі аптада жоғары деңгейдегі кеңесшілердің кездесуі өтетіні келісілді – АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшы Рубио басқарады.

Осыдан кейін Трамп пен Путин Будапештте жеке кездеспек ниетте.

Ертең, 17 қазанда, Трамп Ақ үйде Владимир Зеленскиймен кездесіп, Путинмен болған әңгіме қорытындысын талқылайды.

Ақ үй Трамптың Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеуге бейілді екенін мәлімдеді.

Трамптың пікірінше, Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыру және қақтығысты тоқтату бағытында ілгерілеуге қол жеткізу әлі де мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: