Жезқазғанда бірқатар ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды

Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында бірнеше ұрлық дерегін ашып, күдіктілерді ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2025 10:13 Сурет: ҚР ІІМ
Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында бірнеше ұрлық дерегін ашып, күдіктілерді ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны – ағайындылар анықталып, қолға түсті. Тергеу барысында олардың биылғы жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында бірнеше дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, ұялы телефондар, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағандары белгілі болды.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның көлемі 1,5 миллион теңгеден асты. Қылмыстық полиция қызметкерлерінің жедел және кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне жауапкершілікпен қарап, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Еске сала кетсек, тұрғындардың пәтерлерінде және қоғамдық орындарда ұрлық деректерінің алдын алу мақсатында Жезқазған қаласы полициясы тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізіп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: