Көкшетауда мас жүргізуші полициядан қашып келе жатып қоршауға соғылды
Сурет: видео скрині
2025 жылғы 18 қазанға қараған түні Көкшетауда BMW көлігін мас күйінде айдаған жүргізуші полициядан жасырынбақ болып, жол бойындағы металл қоршауға соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, патруль қызметкерлерінің назарын дүкен ауласынан шыққан көліктің олардың көлігін көріп, кенет баяулай бастауы аударған.
Полицейлер көлікті тоқтатып, тексермек болғанда, жүргізуші газды басып, қашуға тырысқан.
"Полиция қызметкерлері жолдағыларға қауіп төндірмей тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші жоғары жылдамдықпен келе жатып рөлге ие бола алмай, темір қоршауға соғылды", - делінген ПД хабарламасында.
Тексеру кезінде ер адамның орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Бұдан бөлек, ол екі жыл бұрын дәл осындай құқықбұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.
Қазір ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript