Талдықорғанда Lixiang тізгіндеген мас жүргізуші электр бағанасына соғылды

Талдықорғанда Lixiang тізгіндеген мас жүргізуші электр бағанасына соғылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 14:08 Сурет: Жетісу облысы ПД
Талдықорғанда мас жүргізуші жол апатына түсіп, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы Полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, Қаблиса Жырау көшесінде, "ТемірҚазық" колледжінің маңында 55 жастағы әйел адам алкогольдік мас күйінде Lixiang маркалы автокөлігін тізгіндеп, электр бағанасына соғылған.

"Соққының күші жоғары болып, көлік айтарлықтай зақымданды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті және барлық мән-жайды тіркеді. Әкімшілік іс материалдары жедел түрде сотқа жолданды",- делінген ақпаратта.

Сот шешімімен құқық бұзушыға келесідей қатаң шаралар қолданылды:

  • 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру;
  • 20 тәулік әкімшілік қамау.

Бұған дейін Маңғыстау облысында полицейлер тұрғыннан ірі көлемде "синтетика" тәркілегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: