Шекарасыз Каспий: Қазақстан мен Әзербайжан бірыңғай туристік кеңістік құрады

Шекарасыз Каспий: Қазақстан мен Әзербайжан бірыңғай туристік кеңістік құрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 21:58 Сурет: unsplash
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий маңы өңірінде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобалар мен цифрлық бастамаларды дамытуға ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 21 қазан күні ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

Астанада "Қазақстан – Әзербайжан: жасанды интеллект пен индустриялық бастамалар дәуіріндегі экономикалық ынтымақтастық" атты бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Қарыпбаев құттықтау сөз сөйледі.

"Каспий енді шекара емес – ол мәдениетті, табиғатты және инновацияны тоғыстырған бірыңғай туристік кеңістікке айналып жатыр, - деді Қарыпбаев.

Тараптар экотуризмді, мәдени-танымдық, емдік-сауықтыру, гастрономиялық және оқиғалық туризм бағыттарын қамтитын ортақ каспийлік туристік маршрутты бірлесе дамытуға уағдаласты.

Форумда саланың цифрлануына айрықша көңіл бөлінді. Қазақстан өз кезегінде туристің виртуалды картасын таныстырды. Ал болашақта жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, сұранысты болжауға және маусымдық процестерді басқаруға мүмкіндік беретін Каспийдің ортақ цифрлық кеңістігін құру мәселесі талқыланды.

Іс-шара аясында Әзербайжан Республикасының экспорт пен инвестицияларды ілгерілету агенттігі (AZPROMO), Alakol Medical Tourism ЖШС және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қатысушылардың айтуынша, бұл құжатқа қол қою екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: