Алматы Шанхайда туристік алаң ашады

Халықаралық әріптестікті дамыту және қаланың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Алматы әкімдігі ҚХР-ның Шанхай қаласында серіктестік туристік алаң ашу бастамасын көтерді. Кең ауқымды Қытай аудиторияға бағытталған бұл салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылдың маусым айында Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді. Іс-шара аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шанхайлық туристік компания арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланған.  Азияның ең ірі мегаполистерінің бірінде ақпараттық-туристік алаң құру — Қытайдан келетін саяхатшылар үшін Алматыны тартымды бағыт ретінде ілгерілетудің маңызды кезеңі болмақ. Келушілерге көрнекі экспозициялар, мультимедиялық материалдар, сондай-ақ, туристік бағыттар, мәдени іс-шаралар, гастрономиялық ерекшеліктер және демалыстың басқа да аспектілері бойынша жеке кеңестер ұсынылады. Серіктестік алаңның ашылуы Қытайдан келетін туристер легінің тұрақты өсуімен тұспа-тұс келіп отыр: 2024 жылдың өзінде Алматыға 95 мыңнан астам қытайлық турист келген. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 50%-ға артық. Жоба Алматы мен Шанхай арасындағы гуманитарлық және іскерлік байланыстарды кеңейту туралы келісім аясында жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында екі қала арасында бауырлас қала мәртебесін орнату жөнінде Ниет хатына қол қойылған болатын. Бұл келісімді ресми түрде бекіту 2025 жылға жоспарланған. Алматы мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуы екіжақты туризмді дамытуға қосымша серпін береді. China Eastern Airlines әуе компаниясының тұрақты рейстері жақын арада басталмақ. Қытаймен туристік және іскерлік ынтымақтастықты жан-жақты дамыту жөніндегі кешенді шаралар Алматының халықаралық имиджін нығайтуға, шетелден келетін туристер легін арттыруға және мәдени алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 10:47 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы мен Шанхай туризм саласындағы серіктестікті нығайтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 14 мамырында Алматы әкімдігінің берген ақпаратына сай, халықаралық әріптестікті дамыту және қаланың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Алматы әкімдігі ҚХР-ның Шанхай қаласында серіктестік туристік алаң ашу бастамасын көтерді.

Кең ауқымды Қытай аудиторияға бағытталған бұл салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылдың маусым айында Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді.
Іс-шара аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шанхайлық туристік компания арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланған.
Азияның ең ірі мегаполистерінің бірінде ақпараттық-туристік алаң құру — Қытайдан келетін саяхатшылар үшін Алматыны тартымды бағыт ретінде ілгерілетудің маңызды кезеңі болмақ.
Келушілерге көрнекі экспозициялар, мультимедиялық материалдар, сондай-ақ, туристік бағыттар, мәдени іс-шаралар, гастрономиялық ерекшеліктер және демалыстың басқа да аспектілері бойынша жеке кеңестер ұсынылады.
Серіктестік алаңның ашылуы Қытайдан келетін туристер легінің тұрақты өсуімен тұспа-тұс келіп отыр: 2024 жылдың өзінде Алматыға 95 мыңнан астам қытайлық турист келген. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 50%-ға артық. Жоба Алматы мен Шанхай арасындағы гуманитарлық және іскерлік байланыстарды кеңейту туралы келісім аясында жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында екі қала арасында бауырлас қала мәртебесін орнату жөнінде Ниет хатына қол қойылған болатын. Бұл келісімді ресми түрде бекіту 2025 жылға жоспарланған.
Алматы мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуы екіжақты туризмді дамытуға қосымша серпін береді. Тұрақты рейстер жақын арада басталмақ.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: