Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында этносаралық мәселелерді талдайтын сарапшылар алаңы ашылады

Алматы облысында сарапшылар клубы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 15:48 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында этносаралық қатынастар саласындағы түрлі процестер мен қордаланған мәселелерді талдайтын «Dialog» арнайы сарапшылар алаңы ашылады.

Бұл туралы Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Қоғамдық диалог – өзара сенім мен түсіністіктің негізгі өзегі, басты тұтқасы екендігі белгілі. Келелі кеңес құрып, түрлі түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу – олқылықты жайттардың алдын алуға елеулі септігін тигізбек", – дейді Жандар Асан.

Оның айтуынша, «Dialog» сарапшылар алаңын құрудағы басты мақсат – өңірдегі этносаралық қатынастар саласында орын алып жатқан түрлі процестер мен қордаланған жайттарды талдау.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің жанынан құрылатын клубта белгілі қоғам белсенділері, сарапшылар мен этномәдени ұйымдардың төрағалары бас қосып, орнықты ойларымен бөліспек.

Нәтижесінде сауатты талдамалық ұсыныстар даярланып, арнайы қарар қабылданады.

Сарапшылар клубының отырысы онлайн және оффлайн форматтарда әр ай сайын өткізілетін болады. Талқылаулар онлайн режимде әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде таратылады. Осы арқылы көрермендер өз сұрақтары мен пікір-ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алады.


"Клуб қызметінің маңызды бағыты – аймақтағы этносаралық шиеленісті анықтау және алдын алу, бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптейтін баянды бастамаларды іске асыру", – деп атап өтті Жандар Асан.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: