Депутат мемлекеттік сатып алу ережелерін өзгертуге ұсыныс жасады

Госзакупки, госзакуп, государственные закупки, государственный бюджет , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 16:47 Фото: Zakon.kz
Мәжілістің пленарлық отырысында 2025 жылғы 29 қазанда депутат Болатбек Нажметдинов мемлекеттік сатып алу ережелерін қайта қарау арқылы оларды ел экономикасына тиімді ету жолдарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болатбек Нажметдинов мәлімдегендей, Қазақстанда жыл сайын реттелетін сатып алулар жүзеге асырылады – бұл тек мемлекеттік тапсырыстар емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор мен жер пайдаланушылардың сатып алулары. Олардың жалпы көлемі 30 трлн теңгеге дейін жетеді.

"Бұл – қазақстандықтар үшін жұмыс істеуі тиіс, ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз етуге арналған қомақты қаражат. Алайда нақты жағдай бірқатар сұрақтар тудырады", – деді депутат.

Ол шағын компаниялардың ірі сатып алуларға қатысуын мысал ретінде келтірді.

"Мұндай компаниялар мемлекеттік және квазимемлекеттік жобаларға жаппай қатысып, ондаған, тіпті жүздеген миллиард теңгеге мемлекеттік тапсырыстардың бенефициарлары болып отыр. Олар әлеуметтік нысандар, мектептер, ауруханалар, инфрақұрылым және тұрғын үйлерді салады, бірақ іс жүзінде жұмыс күші мен өндірістік қуаттары жоқ. Бұл дегеніміз, нақты жұмыстардың көп бөлігі ресми емес – "көлеңкеде", көбіне шетелдік жұмысшылар мен есепке алынбаған қызметкерлердің күшімен жасалады, салықтар мен әлеуметтік аударымдар төленбейді", – деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, бұл жағдай нормативтік актілердегі жүйелік олқылықтардың салдары.

"Мемлекеттік сатып алу туралы заң қабылданғанда, қосымша нормативтік актілерде және ережелерде ең төменгі еңбек ақы стандарты, ресурс сметалары және міндетті әлеуметтік аударымдар көрсетілмеген. Мемлекеттік органдар келісімшарттарда жеке табыс салығы, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары, медициналық сақтандыру, сонымен қатар ресурс сметасы мен нақты жұмысшылар санын бақылауды есепке алуды ұмытқан", – деді Болатбек Нажметдинов.

Бұл негізгі көрсеткіштер квазимемлекеттік компаниялардың ішкі сатып алу ережелерінде де жоқ, ал дәл осы каналдар арқылы мемлекеттік инвестициялардың үлкен көлемі өтеді.

"Бүгінгі таңда осы бағытта мемлекеттік бақылау жүйесі сәтсіздікке ұшырады деп сеніммен айтуға болады.  Шын мәнінде құрылыс алаңдарындағы жұмыс күші – шетелдік, ал салықтар бюджетке түспейді. Егер бұл қаражат қазақстандықтар үшін жұмыс істесе, біз бүгінгі таңда жұмыссыздық азайғанын, әлеуметтік төлемдер кемігенін және отбасылардың тұрақтылығы артқанын көрер едік. Әрбір бюджет теңгесі Қазақстан экономикасына оралып, азаматтарымызға, олардың отбасыларына және елдің болашағына қызмет етуі тиіс", – деп қорытындылады депутат.

Осыған байланысты ол үкіметтен сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізіп, ең төменгі еңбек ақы, салықтар және әлеуметтік аударымдарға міндетті талаптарды бекітуді сұрайды.

Сонымен қатар, депутат ішкі құрам саны аз компаниялардың ірі мемлекеттік инвестициялық жобаларға қатысу фактілері бойынша тексеру жүргізуді, жұмыстардың нақты орындалу көздерін анықтап, қосымша есептеулер жүргізуді ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: