30 қазанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

30 қазанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 19:52 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 30 қазанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 30 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 30 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 30 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 30 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 30 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 30 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 30 қазанда тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 30 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: