Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 11:29 Сурет: Telegram/ilzat_akchurin
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 30 қазанда Алматы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ильзат Акчуриннің Telegram-арнасынан мәлім болды.

"Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Нүкенов тағайындалды. Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін істері салаларына жетекшілік етеді",- делінген ақпаратта.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған.

Әр жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығын басқарған, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: