Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 13:57 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды.

Ерлан Шойұлы Исабеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасымен Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Қолданбалы математика және экономика мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2000-2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде қызмет атқарды. 2002-2008 жылдары — Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары Премьер-Министрдің кенсесінде қызмет атқарды.

2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2015-2018 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

2018-2023 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданының және Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: