Жаңалықтар тізбегі
0

Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Алматы қаласы әкімдігінің аппараты басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 15:02 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Бейбіт Шаханов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; Қазақ мемлекеттік заң университетін; Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын; Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

  • 2015-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері Комитетінде жұмыс істеген.
  • 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: