Жуырда "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады: талаптары мен шарттары қандай

Дом, жилье, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда квартиры, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 12:10 Фото: freepik
Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді мүмкіндігін ұсынатын "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2025 жылғы 3 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 31 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.

Бағдарламаға Отбасы банкінің барлық салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар және соңғы бес жыл ішінде өзінде де, отбасы мүшелерінде де тұрғын үйі болмаған азаматтар қатыса алады.

"Өтінім беру процесі толығымен онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеттері арқылы өтінім беріп, нәтижесін сол жерде бақылай алады. Өтінім беру тәртібі мен кезеңдері туралы толық нұсқаулықпен банк парақшасындағы "Наурыз" бөлімінде жарияланған",- делінген ақпаратта.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, таза әрленген жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарна 10%-дан, ал әрленбеген немесе қайталама тұрғын үй үшін бастапқы жарна 20%-дан басталады. Сыйақы мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтар үшін 7%-дан (ЖТСМ 7,1%-дан), басқа қатысушылар үшін 9%-дан (ЖТСМ 9,4%-дан) есептеледі.

Несие сомасының ең жоғары мөлшері өңірлер үшін — 30 миллион теңге, ал Астана мен Алматы қалалары үшін — 36 миллион теңге көлемінде белгіленген. Несие мерзімі 19 жылға дейін созылады.

Бағдарлама аясында Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлерді сатып алуға болады. Ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін бірінші және екінші нарықтағы үйлер ұсынылады. Барлық тұрғын үй нысандары Baspana Market порталы арқылы таңдалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: