Мемлекет басшысы қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік деңгейдегі орнын айтты

Мемлекет басшысы қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік деңгейдегі орнын айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 13:19 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 31 қазанда өткен "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Онда ол еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, президент еліміздегі жоғары оқу орындарының беделді халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші жақсарып келе жатқанын айтты.

"QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли мырза өз баяндамасында бұл мәселеге кеңінен тоқталды, Қазақстан университеттерінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Біз ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, әріптестігімізді нығайта түсуге мүдделіміз, бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз. Сондай-ақ еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды. Бұл да біз үшін зор жетістік", – деді Президент.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы жиында білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш екенін айтып, мәлімдеме жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: