Шетелде қызмет ететін қазақстандықтар саны жылдан-жылға азайып келеді - Еңбек министрлігінің деректері
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 31 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтардың шетелде жұмыспен қамтылуы бойынша деректерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2023 жылдан бері шетелге жұмыс істеу мақсатында шығатын қазақстандықтардың саны азайып келеді.
"2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша шетелде еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген қазақстандықтар саны 156,7 мың адамды құрады. Олардың ең көбі Ресей Федерациясында – 128,8 мың адам, Оңтүстік Кореяда – 15,2 мың, Польшада – 2,6 мың, Ұлыбританияда – 1,4 мың адам жұмыс істейді", – деді Ертаев.
Сондай-ақ, ол шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында атқарылған жұмыстарға да тоқталды.
"Өткен жылы Қазақстан мен Катар үкіметтері арасында қазақстандық жұмысшыларды осы елде жұмыспен қамтуды реттеу туралы келісімге қол қойылды, ал биылғы жылдың басында Ұлыбританиямен еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта осындай ұқсас келісімдер мен меморандумдар Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен жасалу үстінде.
Бүгінде Қазақстанда шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын шамамен 400 жеке жұмыспен қамту агенттігі бар.
Сонымен қатар, Асқарбек Ертаев олардың қызметін реттеуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірленгенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript