Қазақстандықтар ең жиі қай елдерге жұмыс істеуге барады – Еңбек министрлігі түсіндірді

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 14:09 Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев 9 қазан 2025 жылы Сенат кулуарында шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде шетелде 126 мың қазақстандық еңбек етіп жүр.

Олардың ішінде:

  • 102 мыңы – Ресейде,
  • 15 мыңы – Оңтүстік Кореяда,
  • 2 мыңы – Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ елдерінде жұмыс істейді.
"Басқа мәселе – барлық елдермен еңбек қызметін реттеу туралы келісімдер жасалмаған. Мысалы, Ұлыбританиямен биыл тиісті меморандумға қол қойдық. Ал Оңтүстік Кореямен келісім жобасы қазір қаралу сатысында. Екі жыл келіссөздер жүргіздік, елдегі саяси жағдайға байланысты үзіліс болды. Биыл күзде қайта жалғастырамыз. Себебі Кореяда жүрген 15 мың азаматтың 11 мыңы заңсыз еңбек етіп жүр. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажет", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, оңтүстіккореялық тарап Қазақстан азаматтарының ел аумағында заңсыз жүруіне қатысты шаралар қабылдауды талап етіп отыр.


"Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Біздің өтініміміз Корея тарапының қарауында. Жыл соңына дейін оң шешімге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", – деп түйіндеді Асқарбек Ертаев.

Айта кетейік, 9 қазанда Сенат Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы қазақстандықтарды Катарда еңбекке орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: