Қазақстан азаматтары жұмыс істеуге көбіне қай елдерге барады

Көші қон, Қазақстан азаматтары, жұмыс, шет мемлекеттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 18:31 Сурет: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс істеу мақсатында қанша ел азаматтары шетелге кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шоновтың хабарлауынша, соңғы екі жылда Қазақстанда көші-қон сальдосы оң көрсеткішті көрсетіп отыр.

"2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,7 мың адамды құрады. Елге 11,3 мың адам келсе, 3,5 мың адам елден кеткен. Көші-қон өсімі негізінен елдер бөлінісінде ТМД елдері мен Қытайға тиесілі. Сонымен қатар, жаһандану үдерісінің әсерінен білікті кадрлардың кетуі үрдісі әлі де сақталуда. Қазақстан азаматтарының кетуінің негізгі бағыттары: Ресей – 8,7 мың адам, Германия – 2 мың адам", – деді ол.

Комитет төрағасы сыртқы көші-қон ағындарының оң серпінге ие екенін атап өтті.

"2023 жылдан бастап шетелге жұмыс істеу мақсатында кететін Қазақстан азаматтарының санының төмендегені байқалады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шетелде еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары – 126 531 адамды құрады. Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Ресей Федерациясында – 102 460 адам, Корея Республикасында – 15 790 адам, БАӘ – 2 997 адам, Ұлыбританияда – 1 912 адам еңбек етуде", – деді Әсет Шонов.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарына енді жұмыс табу бұрынғыдан оңайырақ болатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: