Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы байланысты ескерту жасалды
Сурет: pixabay
Алматы облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Атырау қ. 03 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 03 қарашада көкайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 03 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 03 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Қостанайда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстік жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 03 қарашада түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 03 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 03 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.