Каспийде итбалықтар тағы қырылып жатыр

Тюлень, тюлени, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 13:55 Фото: pexels
Маңғыстау облысында теңіз жағасынан жүзден астам өлген итбалық табылды.

Теңіз сүтқоректілері Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутин елді мекендері маңынан шығып жатыр.

Оқиға орнына барған экологтар мен балық инспекторлары Асан елді мекені жағажайынан 39, Форт-Шевченко қаласынан Баутин мүйісіне дейінгі аралықтан 73 итбалықтың өлексесін анықтаған.

Мамандар алгоритм бойынша жұмыс істеп, аумақта мониторинг жүргізуде, деп жазады qazaqstan.tv.

Еске салайық, итбалықтар биыл көктемде де жаппай қырылды. Жағалаудан шамамен 400-дей өлексе жиналған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: