Азияның үздік университеттері рейтингіне Қазақстанның 44 жоғары оқу орны енді

Азияның үздік университеттері рейтингіне Қазақстанның 44 жоғары оқу орны енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 20:13 Сурет: Zakon.kz
QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі 2026 жылғы Азияның үздік университеттері рейтингін (QS Asia University Rankings 2026) жариялады. Тізімге 44 қазақстандық жоғары оқу орны енген, оның ішінде 10 университет алғаш рет кіріп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 5 қарашадағы мәліметінше, бұл рейтинг тарихтағы ең ауқымдысы болды: ол аймақтың 25 елінен және аумағынан 1 529 университетті қамтиды, олардың 554-і биыл алғаш рет енгізілген.

Қазақстанның азиялық рейтингтегі үлесі айтарлықтай артқан: Орталық Азияның 112 жоғары оқу орнының 44-і — Қазақстаннан. Салыстырмалы түрде айтсақ, Өзбекстаннан – 22 оқу орны (204 ішінен), Қырғызстаннан – 6 (61 ішінен), Тәжікстаннан – 1 (27 ішінен).

Рейтингке жаңадан енген қазақстандық жоғары оқу орындары:

  • Назарбаев Университеті — 201-орын;
  • Алматы Менеджмент Университеті — 741–750 орын;
  • М. Тынышбаев атындағы Көлік және логистика академиясы — 1001–1100 орын;
  • А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті — 1101–1200 орын;
  • Alikhan Bokeikhan University — 1201–1300 орын;
  • Каспий университеті — 1201–1300 орын;
  • Рудный индустриалды институты — 1301–1400 орын;
  • Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті — 1301–1400 орын;
  • Astana International University — 1401–1500 орын;
  • С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті — 1401–1500 орын.

Қазақстандық жоғары оқу орындары аймақ бойынша академиялық бедел, оқыту сапасы, халықаралық әріптестік және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы сияқты көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп отыр.

Сонымен қатар Қазақстан — Орталық Азияда университеттері Азияның үздік 100 оқу орны қатарына енген жалғыз ел. Бұл тізімде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (38-орын), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (61-орын) және Satbayev University (79-орын) бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: