Атырауда полицейлер интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты

Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 10:08 Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде тәртіп сақшысы интернет арқылы жасалатын қылмыстардан қорғану жолдары мен алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі де жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері атап өтіліп, алаяқтардың жиі қолданатын әдістеріне нақты мысалдар келтірілді. Әсіресе жалған инвестициялық жобалар, фишинг сілтемелер, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдері кеңінен талқыланды.


"Атырауда жыл басынан бері 500-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Алаяқтар көбіне WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланып, адамдарды алдап ақша бопсалайды. Кейде шетелдік нөмірлерден немесе жалған аккаунттар арқылы хабарласып, сенімге кіріп кетеді. Сол себепті күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу керек, — деді киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Мұханбеталиев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: