Павлодар облысында синтетикалық есірткіні интернет арқылы сату дерегі тоқтатылды

Павлодар облысында прокуратураның үйлестіруімен жедел уәкілдер психотроптық заттарды интернет арқылы сатумен айналысқан топ мүшелерін ұстады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 11:28 Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысында прокуратураның үйлестіруімен жедел уәкілдер психотроптық заттарды интернет арқылы сатумен айналысқан топ мүшелерін ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті қолға түсіп, олардың тұрғылықты жерінен тінту кезінде шамамен 186 полиэтилен қаптамаға оралған есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ түрлі іздері бар 28 медициналық пипетка табылып, тәркіленді.

Бұл айғақтар олардың есірткі таратуға байланысты заңсыз қызметке қатысы бар екенін дәлелдейді. Күдіктілердің бірі өз кінәсін мойындап, есірткі айналымына қарсы күресте маңызды деректер ұсынды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Аталған дерек бойынша есірткі және психотроптық заттарды өткізу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері қоғам қауіпсіздігін сақтау мақсатында азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген дерек туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: