Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтандырылмақ

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында "Алматы" ӘКК" АҚ "Алатау-құс" компаниясымен тауық етін (сан еті) жеткізу және сату бойынша форвардтық қарыз шартына қол қойды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 11:03 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында "Алматы" ӘКК" АҚ "Алатау-құс" компаниясымен тауық етін (сан еті) жеткізу және сату бойынша форвардтық қарыз шартына қол қойды.

"Алатау-құс" 30 фирмалық дүкенге 358,8 тонна тауықтың сан етін жеткізіп, қала тұрғындарына келісін 1650 теңгеден сатады. Тұрақтандыру мерзімі – 24 ай. Бұл туралы "Алматы" ӘКК" өкілдері хабарлады.

Бұған дейінгі келісім негізінде "Алатау-құс" компаниясы тауықтың сан еті мен жамбасын тұрғындарға келісін 1100 теңгеден сатып отыр.

Сондай-ақ, "Алматы" ӘКК" жергілікті өндірушілерден 4500 тонна құмшекер сатып алды. Отандық қант "Magnum", "Small", "Toimart", "Столичный", "Юбилейный" және өзге сауда желілерінде 10%-дан аспайтын үстемақымен сатылады. Өндіруші бекіткен баға – келісіне 405 теңге. Тұрақтандыру келесі жылдың қарашасына дейін жалғасады.

Айта кетейік, биыл наурыз айында "Алматы" ӘКК" мен "Magnum Cash&Carry" арасында әлеуметтік маңызы бар 11 түрлі азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыруға бағытталған келісім жасалған болатын. Жалпы көлемі – 606 тонна. Тізімге қарақұмық жармасы, макарон өнімдері (өлшеніп сатылатын), күріш, күнбағыс майы, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран, майлылығы 72,5% сары май, майлылығы 2,5% пастерленген жұмсақ қаптамадағы сүт, тауық еті (сан, жамбас), бірінші сұрыпты ұн, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі) және ас тұзы енді. Бағаны тұрақтандыру шаралары 2026 жылы наурызға дейін жалғасады.

Тауық жұмыртқасының құнын тұрақтандыру бағытында "Сары-Бұлақ" компаниясымен 2024 жылы қазаннан 2027 жылы қазанға дейін бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқа өндіру және өткізу жөніндегі келісім жүзеге асып отыр. Өнім қаладағы ірі сауда желілеріне, "Алатау-Құс" фирмалық дүкендеріне және шағын дүкендерге жеткізіледі. Өндіруші белгілеген баға – данасы 51 теңге, ал сауда орындарында үстемақы 15%-дан аспауға тиіс.

Бұған қоса, Алматыда әр сенбі және жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерлерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен саудаланады.

Жәрмеңке қаланың бес ауданында ұйымдастырылады:

  • Алмалы ауданы — Масанчи көшесі (Әйтеке би және Гоголь көшелерінің арасы);
  • Алмалы ауданы — Жамбыл мен Әуезов көшелерінің қиылысы;
  • Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
  • Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары – Бектұров көшесі;
  • Жетісу ауданы — Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: