Теракт пен жарылғыш зат жайлы жалған ақпарат хабарлаған жасөспірімдер тұтқындалды

Телефон, телефон в руках, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 14:46 Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі жастар арасындағы киберқылмыспен, оның ішінде "swatting" деп аталатын (теракт, жарылғыш зат қойылды деген немесе өзге де төтенше оқиғалар туралы жалған хабарламалар) құқыққа қайшы әрекеттермен күрес мәселелеріне ерекше назар аударуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністері жедел-іздестіру шаралары барысында мектептер мен сауда-ойын-сауық орталықтарына жарылғыш зат қою туралы жалған хабарламалар таратқан адамдарды анықтап, ұстады.

"Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы ІІМ киберполиция қызметкерлері Шешен Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Қазақстан аумағында теракт туралы жалған ақпарат таратқан Ресейдің кәмелетке толмаған азаматын құрықтады, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.

Сондай-ақ:

  • 9 қыркүйекте Балқаш қаласында мектеп, сауда орталығы және тағы да басқа мекен-жайларға жарылғыш зат қойылғаны туралы 63 хабарлама жасаған 15-16 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.
  • 14 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ және Ресей Федерациясы ІІМ-нің Саха Республикасы бойынша бөліністері бірлескен операция жүргізіп, интернеттің ресейлік сегментінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдар мен екі ел аумағындағы теракт туралы жалған хабарламалар таратқан Астана қаласының кәмелетке толмаған тұрғынын ұстады.
  • 25 қазанда Ақтау қаласында Telegram мессенджері арқылы "Ақтау" сауда орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама жасаған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
  • 14 қарашада Тараз қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны құрықталды. Ол қаладағы мектептер мен сауда орталығында жарылғыш заттың қойылғаны туралы үш жалған хабарлама жасаған.
  • 15 қарашада Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған бала үш мектепте теракт дайындалуда деген жалған хабарламаларды тарату күдігімен ұсталды.
  • 20 қарашада Астана қаласында WhatsApp мессенджері арқылы мектепте теракт дайындалуда деген жалған хабарламаларды таратқан жасөспірім анықталды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"Ішкі істер министрлігі "swatting" және төтенше жағдайлар туралы кез келген жалған хабарлама ауыр қылмыс болып саналатынын және 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады. Ата-аналарды, педагогтарды және жастарды күмәнді интернет-трендтерге ермеуге және мұндай "әзілдердің" қоғамға да, жасөспірімдердің тағдырына да зиян келтіретінін ұмытпауға шақырамыз", – деді Аслан Өскембаев.

Бұған дейін Алматыда 3 миллион теңгелік айыппұлы бар автобус анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: