Алматыда 3 миллион теңгелік айыппұлы бар автобус анықталды

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 13:11 Фото: Zakon.kz
Алматыда басталған "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автобусты тоқтатты.

Тексеру барысында аталған көлік құралынның иесінде шамамен 3 миллион теңге көлемінде төленбеген әкімшілік айыппұлдар бар екені анықталды. Автобус жол қозғалысын қамтамасыз ету кезінде тоқтатылған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдайлар жолаушылар мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Автобус арнайы айыптұрағына қойылды. Әкімшілік полиция басқармасында "Борышкер" іс-шарасының негізгі мақсаты – әкімшілік айыппұлдары бар жүргізушілер мен көлік иелерін анықтау, сондай-ақ жол-көлік тәртібін арттыру екені атап өтілді.

"Біз "Борышкер" жедел алдын алу шарасы шеңберінде тексерулерді жүйелі түрде жүргіземіз. Біздің міндет – тек құқық бұзушыларды анықтау емес, азаматтардың жауапкершілігін арттыру. Әрбір төленбеген айыппұл – бұл жолда тіркелген құқық бұзушылықтың айқын белгісі", – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: