Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадада алты медаль иеленді

Медаль, Сочи, Қазақстан оқушылары, халықаралық олимпиада, IJSO-2025 , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 21:56 Сурет: t.me/oqu_agartu
Сочиде өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы алты оқушыдан және үш жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.

Сурет: ҚР Оқу-ағартау министррлігінің баспасөз қызметі

Күміс медаль иегерлері:

  • Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;
  • Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;
  • Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

  • Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Бұған дейін Қарағандыда мектеп оқушылары, студенттер мен жас мамандар арасында машина жасаудан олимпиада өз мәресіне жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: