Қарағандыда мектеп оқушылары, студенттер мен жас мамандар арасында машина жасау бойынша олимпиада финалы өтті
Сурет: Қарағанды құю-машина жасау зауыты
Олимпиада мектеп оқушыларын, студенттерді және жас мамандарды біріктіріп, олардың машина жасау саласындағы терең білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Бірінші кезең 8 қыркүйекте онлайн форматта өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 137 қатысушы қатысты, олардың ішінен 14-і финалға жолдама алды.
Олимпиадаға құрметті қонақтар ретінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек, Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ ректоры аппаратының басшысы, техника ғылымдарының докторы Аристотель Исағұлов, сондай-ақ Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Дулат Жекебаев қатысты.

Сурет: Қарағанды құю-машина жасау зауыты
Финалистерге құттықтау сөзін "Maker" ЖШС басқарма төрағасы Жанібек Байғабелов айтты. Ол өз сөзінде сенімділік пен даму жолындағы талпыныстың маңыздылығына тоқталды:
"Қазіргі таңда біздің зауыттағы жұмысшылардың орташа жалақысы 673 мың теңгені құрайды. Бұл тек бастамасы ғана: біз жасанды интеллект пен модельдеу технологияларын белсенді түрде енгізіп жатырмыз, өнім номенклатурасын кеңейтудеміз. Әрбір тапсырыс – бұл жаңа техникалық құжаттама, оны біз нөлден бастап әзірлейміз. Қазір зауытта 60 конструктор мен технолог жұмыс істейді. Осы жас мамандардың бойынан үлкен әлеует көріп отырмын және олардың арқасында еңбек өнімділігі артады деп сенемін. Қазір біз тәулігіне 12 мың тонна дайын өнім өндіріп, шамамен 22 миллиард теңге айналым жасаймыз. Бұл көрсеткіш бес жыл бұрын небәрі 6 миллиард болатын. Біз үшін бастысы – ауқым емес, даму динамикасы. Жақын арада зауыттың 85 жылдығын атап өтеміз. Осы мерейтой аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп, зауыт аумағы абаттандырылды, үлкен муралдармен безендірілді. Әр жылы жаңғыртуды күшейтіп, өндірістік базаны кеңейтіп, жаңа жабдықтар сатып аламыз. Алдағы уақытта Батыс және Шығыс Қазақстанда филиалдар ашу жоспарда бар".
"Maker" ЖШС өндіріс директоры Андрей Сафоновтың айтуынша, бүгін зауыт өмірінде ғана емес, республикалық деңгейде де маңызды оқиға болды.
"Бұл – машина жасау саласындағы айтулы шара халыққа жақындап келеді: қауіпсіз, ыңғайлы әрі бәсекеге қабілетті болуда. Жастардың бұл салаға қызығушылығы артуда, ал біздің міндетіміз – оны қолдау, насихаттау және бұл саланың жоғары технологиялы әрі болашағы зор екенін көрсету. Жаңғырту мен университеттермен ынтымақтастықтың арқасында біз мамандар даярлау жүйесін дамытып, жаңа мүмкіндіктер жасаймыз. Алдағы уақытта біз халықаралық гранттар ұсынып, жастардың ең үздік білім алуына жағдай жасамақпыз. Қазірдің өзінде ірі корпорациялар мен холдингтер бұл бастамамызды қолдауға ниетті. 2019 жылы Қазақстан Даму Банкінің қолдауымен зауытқа СББ – сандық бағдарламамен басқарылатын станоктар сатып алынды. Бұл біз үшін үлкен оқиға болды. Қарағанды политехникалық университетінің қолдауымен СББ жабдықтары мен станок операторлары кафедрасы ашылды. Бізге әлі де болса жоғары дәрежедегі білікті слесарьлар, металл құрылымдарын жинаушылар, дәнекерлеушілер жетіспейді. Сол себепті біз басқа компаниялармен бірлесіп халықаралық жобаларға қатысып жатырмыз".

Сурет: Қарағанды құю-машина жасау зауыты
Өз кезегінде Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры аппаратының жетекшісі Аристотель Исағұлов ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың машина жасау саласына ерекше көңіл бөлетінін айтты:
"Біздің университетте 2010 жылы Қазақстандық дәнекерлеу институты ашылған. Онда оқуды аяқтаған түлектер халықаралық сертификаттарға ие болады. "Атамекен" рейтингі бойынша, жұмысқа орналасу көрсеткішінде біз республика бойынша 5-орын алдық. Яғни, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі – 94%".
Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды – теориялық және практикалық. Зал үш бөлікке бөлінді. Әр тапсырмаға 20 минуттан уақыт берілді. Қатысушылар мектептер мен колледждерде алған білімдерін қолданып, барынша зейін қойып тапсырмаларды орындауға тырысты.
Оларға тораптар мен бөлшектерді құрастыру, сызбаларда бейнелеу ережелерін қолдану және басқа да тапсырмалар жүктелді.
Осылайша, төрт жылдық оқу грантының иегері – Петропавлдағы Байкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің 4 курс студенті Николай Березка болды.
"Халық арасында мен сияқты адамдарды "станочник" деп атайды – яғни, станоктарда жұмыс істейтіндер. Мені бұл мамандыққа досымның әкесі шабыттандырды. Оның өзінің станогы бар. Екі жыл бойы оны бақылап жүрдім, бұл үдеріс маған қызықты болып көрінді. Содан кейін осы жолмен жүруге шешім қабылдадым. Бұл – креативті мамандық, ал мен ерекше жұмысты жақсы көремін. Колледжді бітірген соң өз колледжіме мені бәріне үйреткен, осы жеңіске жеткізген ұстазым сияқты өндірістік оқыту шебері ретінде қайтып келгім келеді. Әрине, қобалжыдым, бірақ жеңіске жететініме сенімді болдым. Компьютерлерді жинау мен жөндеуді өте жақсы көремін, бұл менің анкетамда да жазылған. Болашақта өз шеберханамды ашып, компьютерлерді жинап, жөндеп, қызмет көрсетуді қалаймын".
Ал, бір жылдық грантты Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясы Политехникалық колледжінің 4 курс студенті Ағыбай Думанұлы жеңіп алды.
"Мен он сегіздемін және Балқаш политехникалық колледжінің төртінші курсында оқимын. Болашақта жоғары білім алып, Қарағандыда немесе Астанадағы университеттердің бірінде оқуымды жалғастырып, инженер болғым келеді".

Сурет: Қарағанды құю-машина жасау зауыты
Олимпиадаға қатысқан жалғыз қыз – Мерей Ноғайбаева (Шымкент қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі, физика-математика бағыты, 12-сынып оқушысы) ынталандыру сыйлығы ретінде MacBook ноутбугімен марапатталды.
"Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын. Болашақта өзімді ғалым ретінде көремін. Маған теориялық салалар көбірек ұнайды, бірақ машина жасау саласындағы тәжірибе көкжиегімді кеңейтеді деп ойлаймын. Мен жүлде алғым келді, сондықтан 100% күшімді салуға тырыстым. Болашақта шетелде оқуды жоспарлап отырмын. Олимпиаданың ұйымдастырылуы өте ұнады. Бізге барлық шығындар толық төленді. Сонымен қатар керемет сыйлықтар ұсынылды".
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, серіктестер мен шара қонақтарына алғыс білдіріп, жас инженерлер Қазақстанның машина жасау саласының болашағы үшін маңызды кадрлық ресурс екенін атап өтті.
Олимпиада мектеп оқушыларын, студенттерді және жас мамандарды біріктіріп, олардың машина жасау саласындағы терең білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.