Ақтөбеде үлескерлер 5 жылдан бері уәде етілген баспаналарына қол жеткізе алмай жүр

Стройка, строительство, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 11:38 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде үлескерлер 5 жылдан бері уәде етілген баспаналарына кіре алмай жүр. Құрылысы басталмай тұрып қыруар қаржы құйған азаматтар мердігердің уәдесіне сенген. Компания басшысы сол кезде 5 қабатты тұрғын үйді бір жылдың ішінде тапсырамыз деп сендірген. Толығырақ ақпаратта.

Қалалық прокуратура алдына жиналған үлескерлердің тағдыры да, үміті де бір. 5 жыл бойы сарғайған құжаттарын тасыған олардың бармаған жері қалмапты. Үлескерлер әрқайсысы 8-13 млн теңгеден жинап берген. "Astana TV" дерегінше, жалпы шығын 120 млн теңге, "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Ал құрылыс компаниясы өз жағдайын айтып, ақталуда. Пандемия, қымбатшылықпен жоғалған инвесторлар себеп, дейді серіктестік өкілі. Былтыр құрылыс жұмыстары қайта жанданған. Алайда тым кеш. Үлескерлердің сенімі жоқ. Олар енді баспана емес, қаражаттың қайтарылуын талап етіп отыр.

Бұған дейін Павлодарда полицейлер мен қала тұрғынының зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: