Оралда есірткіге мас күйдегі жүргізуші баласын мектептен алуға бара жатқанда ұсталды

БҚО-да есірткіге мас күйдегі жүргізуші ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 18:56 Сурет: polisia.kz
Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мазда автокөлігін тоқтатты, оны 40 жастағы ер адам басқарғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған адам жүргізуші куәлігінен айырылғанын мойындап, баласын мектептен алуға бара жатқанын түсіндірді. Тексеру барысында осы жылдың шілде айында ол көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің есірткіге мас күйде болғаны белгілі болды.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал автокөлік арнайы тұраққа жіберілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған азаматқа бас бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру қаупі төніп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: