Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 03 желтоқсанда күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 03, тәулік бойы 04 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 03-04 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Астанада тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қ.: 03 желтоқсанда тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Тұман. Қостанай қ.: 03 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 03 желтоқсанда тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Павлодар қ.: 03 желтоқсанда тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 03 желтоқсанда тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 03 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 05 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.