Павлодар облысында заңсыз аң аулаған күдіктілер ұсталды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Железин ауданына қарасты Крупское ауылының маңында полиция қызметкерлері өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты.
Көлікті Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны басқарған. Салонда облыстың үш тұрғыны да отырған.
Тексеру барысында көлік ішінен екі қоңыр аңның, болжам бойынша – еліктің тұлыбы және төрт атыс қаруы табылып, тәркіленді.
"Қазіргі уақытта заңсыз аңшылық фактісі бойынша полициямен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық ұсталғандарға қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық шара қолданылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript