Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылады
Сурет: gov.kz
Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық "Невада-Семей" қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменовтің кандидатурасы Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев айтты.
Әміртаевтың сөзінше, бұл шешім – Олжас Сүлейменовтің жаһандық бейбітшілік пен ядролық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан зор үлесін мойындаудың белгісі.
"Оның "Невада-Семей" қозғалысы аясындағы қызметі Семей ядролық полигонын жабуға үлес қосты. Сонымен қатар оның бастамасы және Қазақстан жүргізген халықаралық кампания нәтижесінде дүниежүзінің бірнеше елінде (соның ішінде Невадада) тағы төрт ірі ядролық полигон жабылды", - деді ол партияның кезекті конференциясында.
Партия өкілдері Нобель комитетіне Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын қарастыру жөнінде ресми өтініш жібереді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript