Қалтаға ауыр түседі: Ормандағы бір түп шырша қанша тұрады
Сурет: pixabay
ШҚО орманшылықтары 3,5 миллион гектардан асатын орман қорын қамтиды. Тиімді мониторинг жүргізу үшін жердегі және әуедегі бақылау құралдары қатар қолданылады. Торуылдау тәулік бойы жүргізіледі, әсіресе қыс мезгілінде заңсыз кесу қаупі жоғары аймақтар ерекше назарда.
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, қылқан жапырақты алқаптардың басым бөлігіне қарапайым көліктер жете алмайды, сондықтан орманшылар қарда жүретін көліктерді белсенді пайдаланады. Бұл дабылдарға жедел жауап беруге және алыс нүктелерге тез жетуге мүмкіндік береді.
Қосымша бақылау деңгейін ұшқышсыз аппараттар қамтамасыз етеді. Дрондар арқылы инспекторлар жағдайды әуеден бақылайды, күмәнді техника қозғалыстарын тіркейді және құқықбұзушылық белгілерін анықтайды.
"Шығу жолдарында және орман тасымалданатын бағыттарда блок-бекеттер жұмыс істейді. Мұнда инспекторлар құжаттарды, ілеспе жүкқұжаттарды және көлік жүк бөліктерін тексереді. Мұндай тәсіл заңсыз дайындалған ағашты әкету әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.
Ведомство заңсыз түрде бір түп қылқанжапырақты ағашты кескені үшін 58 980 теңге (15 АЕК) мөлшерінде өтемақы өндірілетінін еске салды.