Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қанша босқын тұрады

Қазақстанда қанша босқын тұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 11:45 Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде өзге елдерден қанша босқын бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 1 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде 628 пана іздеуші және 333 босқын бар.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесіп, жоғары айтылған азаматтардың әлеуметтік құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары әзірленді. Геосаяси сын-қатерлерді, сонымен бірге пана іздеген адамдардың жаппай ағылу ықтималдығын ескере отырып, үкімет оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау және орналастыру қағидаларын бекітті", - деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің сөзінше, қазіргі геосаяси ахуал және Көші-қон саясаты тұжырымдамасының шараларын атқару нәтижесінде кейінгі 10 жылдықта алғаш рет көші-қон саласында оң үрдіс қалыптасты.

"Келген азаматтардың негізгі географиясы – ТМД елдері, Қытай, және Моңғолия мемлекеттері. Тұрақты тұруға қалған азаматтардың басым көпшілігі еңбекке қабілетті техникалық (1443 адам), экономикалық (577 адам), педагогикалық (288 адам) және медициналық жоғары білімі бар азаматтарды құрап отыр". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ішкі көші-қон үрдісінде де оң өзгерістер байқалған. Есепті кезеңде 160 мыңнан астам тұрғын ел ішінде қоныс аударды. Бұл ретте, ірі қалаларға көш тізгінін бұрған азаматтардың үлес салмағы 40% көлемінде болған.


"Жыл басынан бері Қазақстанға 13 569 қандас бауырымыз оралды. Оның 8547-сі – еңбекке қабілетті азаматтар. Олар әлеуметтік қолдау және бейімдеу, жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылған. Сонымен біз экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту және шетелде тұратын қазақтардың әлеуетін пайдалану үшін этностық көші-қонды реттеу мәселесін түбегейлі қайта қарадық", - деді министр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: