ШҚО-да жолаушылар мінген автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты

ШҚО-да жолаушылар мінген автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 23:36 Сурет: видео скрині
2025 жылғы 5 желтоқсанда Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары республикалық маңызы бар тасжолында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етті. Сондай-ақ, жолдағы қозғалысты бақылауға алып, азаматтарға қосымша қауіп төнбеуін қадағалады.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция құқық бұзған азамат заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, барынша абай болуға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: