Павлодарда автокөлік пен автобус соқтығысты

Павлодарда автокөлік пен автобус соқтығысты. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 18:50-де Нұрмағамбетов-Қамзин көшелерінің қиылысында Renault автокөлігі мен маршруттық автобус соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault маркалы автокөліктің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті тіркелді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады департамент.
Облыстық жедел жәрдем станциясы қоңырау сағат 18:46-да түскенін хабарлады. Зардап шеккен 1990 жылы туған ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript