Екібастұзда мотоцикл мен автокөлік соқтығысты

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 23:53 Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда мотоцикл мен автокөлік соқтығысты, мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бүгін, 4 тамыз күні сағат 17:20-да Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесінде Mitsubishi Galant автокөлігі мен мотоцикл соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Екібастұз ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды. 

Қазіргі таңда көліктер арнайы айып тұрағына қойылып, тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: