Екібастұзда автокөлік көлге түсіп кетті

Екібастұзда автокөлік көлге түсіп кетті. Көлікте жалғыз ер адам болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз-Майқайың автожолында 1985 жылы туған жүргізуші шинаның жарылуы салдарынан көлікті басқара алмай, жолдан Тұз көліне түсіп кеткен.
"Көлікте жалғыз болған ер адам салоннан көліктің төбесіне өздігінен шықты. Оқиғаны көрген куәгерлер 112 нөміріне қоңырау шалып, болған жайтты хабарлады", - деп хабарлады департамент.
Кәсіби құтқарушылар зардап шегушіні жағаға эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады. Сондай-ақ, көлікті судан сүйреп алып шықты.
ТЖМ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексерудің маңыздылығын еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript