Екібастұзда шетел азаматы тиісті рұқсатсыз газет тасыған
Сурет: pixabay
Екібастұзда тиісті рұқсатсыз газет тасыған курьерге анықталды, әкімшілік материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары шетел азаматының Қазақстан Республикасы Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғанын анықтады.
"Тәжікстан Республикасының 51 жастағы азаматы газеттерді курьер ретінде тасып, тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген. Полицейлер шетелдіктің заңнаманы бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырып, шешім қабылдау үшін сотқа жолдады. Екібастұз қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Руслан Оразханов
Бұл бойынша 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарып жіберу көзделген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript