Жаңалықтар тізбегі
0

Үш мас әйелдің кесірінен мейрамхананың карантинде жұмыс істегені әшкереленді

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 23:55 polisia.kz
Үшеуіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Атырау қаласында мас күйінде мейрамханада төбелес шығарған үш әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 23 қаңтар күні түнгі сағат 03:29 шамасында Атырау қаласы Азаттық көшесінде орналасқан “Vivaldi” ресто-бар алдында 32, 33 және 28 жастағы азамат өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні “Vivaldi” ресто-барының ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Олар наркологиялық сараптамадан өткізіліп, сараптама нәтижесіне сәйкес олардың жеңіл дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Үшеуіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ал сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтарындағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған “Vivaldi” ресто-барына қатысты жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: